Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұялы телефон ұрлағандар ұсталды

14.08.2020, 10:40 413

HALYQLINE.KZ 12 тамыз күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының және Қазалы ауданы Полиция бөлімінің қызметкерлері ұялы телефон ұрлығының екі дерегі бойынша күдікті азаматты қолға түсірді. Тексеру барысында күдіктілердің 45 және 46 жастағы облыс тұрғындары екендігі белгілі болды.

Бірінші жағдайда Қазалы ауданында жергілікті тұрғын қымбат ұялы телефонының ұрланғандығы жөнінде полицияға арызданса, екіншісінде облыс орталығында қоғамдық автокөлік ішінде шалбарының қалтасынан ұялы телефоны, ақшасының ұрланғандығы жөнінде тағы бір облыс тұрғыны полицияға хабарлама береді.

Жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде тәулік ішінде күдікті азаматтар ұсталды. Күдіктілерден ұрланған ұялы телефондар айғақ зат ретінде алынды.

Қазіргі таңда оларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: