Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тыл ардагері 100-ден аса малын тауып берген полиция қызметкерлеріне алғыс айтты

05.04.2021, 13:00 685

HALYQLINE.KZ Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөлімшесі қызметкерлері, атап айтқанда, полиция капитаны Байзақ Руслан мен полиция аға лейтенанты Төлебаев Нұрланның жедел әрекеттерінің нәтижесінде, бір тәулік ішінде облыс тұрғынына жоғалған 101 бас малы қайтарылды. Оның ішіндегі 85-і – сиыр, 16-сы – жылқы.

31 наурыз күні түнгі сағат 22:00-де облыс орталығының тұрғыны тыл ардагері, 85 жастағы қария Есегенов Жарболат жайылымда жүрген 101 бас малы жоғалғаны туралы полицияға хабарлама түсірген.

Аталған хабарлама бойынша, Ақсай Пб-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылып, тиісті бағыт-бардар беріле отырып, барлық елді мекендердегі шаруа қожалықтары, жайылымдық жерлер мен шалғайлар толығымен араланып, нәтижесінде Қызылорда-Жезқазған трассасында жоғалған малы табылып, иесіне тапсырылды.

Өз кезегінде, Жарболат ата: «Мен полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігіне, олардың қамқорлығына тәнті болдым. 102 арнасына хабарлама түсіргеннен кейін, бұлай тез арада 100-ден аса малым тәулік ішінде табылады деп еш ойламаппын. Сіздерге, қызметтеріңізде абырой, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Халыққа жасаған қызметтеріңіз сіздерге екі еселеп қайтсын» деп өз батасын берді.

Қызылорда қалалық Полиция

басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: