Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тұрғындар тәртіп бұзуын тияр емес

23.04.2020, 18:30 588

HALYQLINE.KZ –| Қызылорда облысы Бас санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес, облыс тұрғындары арасында қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында  тұрғындар мен көлік қозғалысына шектеулер қойылған.

Алайда облыс тұрғындары қойылған талаптарды орындамай, қозғалыс кезінде автокөлікке артық жолаушыларды отырғызу дерегінің 15 анықталды (Арал – 6, Шиелі – 9).

Облыстың барлық тұрғындарының кешкі сағат 21:00-ден таңғы сағат 06:00-ға дейін жүруіне тыйым салынса да, 184 адам еш себепсіз көрсетілген уақыт аралығында үйінен тыс жерде болған.(Қызылорда – 24, Арал – 19, Қазалы – 27, Қармақшы – 17, Жалағаш – 13, Сырдария – 26, Шиелі – 16, Жаңақорған – 21, Байқыңыр Өкілдігі – 21).

Соңғы тәулік ішінде 500-ге жуық мекеме мен ойын-сауық орындары тексеріліп, 106 құқықбұзушылық анықталды.

Қызылорда облысының мамандандырылған әкімшілік сотымен 542 әкімшілік іс қаралып, 269 тұлғаға айыппұл салынса, 202 тұлға әкімшілік қамауға алынып, 70 тұлғаға ескерту берілді.

Қызылорда облысының Полиция департаменті төтенше жағдай кезінде азаматтардың қауіпсіздігі мен тәртібін қамтамасыз етуге байланысты қажетті шектеулерге назар аударуды сұрайды.  

      Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: