Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» тексерілмек

21.08.2020, 15:15 520

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» еліміздің өңірлерінде пиар шаралар өткізуге қомақты қаржы бөлуінің қаншалықты заңды екені тексеріледі, – деп мәлімдеді ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алулар заңнамасы департаментінің директоры Сәбит Ахметов. Бұл туралы Тurkystan.kz сайт хабарлады.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері Сәбит Ахметовтен: «20 шілдеде «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» өңірлерде пиар шаралар өткізу үшін шамамен 15 млн теңгеге орындаушылардан өтінім қабылдауды бастады. Дегенмен, Мемлекет басшысы мұндай шараларға мораторий енгізуді тапсырған еді. Сондықтан бұл қаншалықты дұрыс?», – деп сұраған еді.

Осы орайда департамент директоры бұл сауалға жауабы жоқ екенін айтып, алдағы уақытта тексеру жүргізіп, нәтижесін жариялауға уәде берді. «Орталық коммуникациялар қызметінде сөз сөйлер алдында бұл сауалды алған едім. Дәл қазір оған менің еш жауабым жоқ. Дегенмен, біз бұл жағдайды қарастыруға дайынбыз және тексеру нәтижелері туралы хабарлайтын боламыз», – деді ол.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: