HALYQLINE.KZ ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеуші азаматтарды құжаттандыру жұмысымен арнайы есепке алу қызметкерлері айналысады. Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің Арнайы есепке алу бөлімі мен қалалық көші-қон полиция басқармасының қызметкерлері мекемеде жазасын өтеп жүрген азаматтарды құжаттандыру мәселелері бойынша тығыз жұмыс істеуде. Жыл басынан 38 сотталғанның жеке куәлігі қайта жасалды. Олардың бірінің жеке куәлігінің мерзімі өтіп кетсе, бірінің тіпті жеке куәлігі де жоқ.
«Жеке куәліктің болмауы сотталғандардың бірқатар құқықтарын қиындатады. Қазіргі таңда тағы 14 сотталғанның жеке куәлігі орындалу сатысында. Мекемеден босатылғаннан кейін алынған жеке басының куәландыру құжатымен тұрғылықты мекенжайына барып тіркеліп, жұмысқа орналасады немесе денсаулық жағдайын байланысты жергілікті емханаларға тіркеуге алынады. Мекемеде жазасын өтеушілер арасында шетел азаматтары да бар. Оларды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға тіркеу мақсатында 8 шетел азаматына уақытша жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) алып берілді»,- деді арнайы есепке алу бөлімінің бастығы әділет майоры Н.Молдағалиқызы.
Қызылорда облысы ҚАЖД
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!