Жол картасының 2024-2026 жылдардағы бағдарламасы бойынша «Түзеу мекемесінің бос аумақтарында өндірістік обьектілердің жылдам салынатын модульдік үй-жайларын орнатуға мүмкіндік беру арқылы шағын орта бизнес субьектілерін жұмысқа тарту» тақырыбында Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңеске №60 мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі А.Өскенбаев, ҚАЖД СЕҰТ бас маманы әділет подполковнигі Б.Абилова, «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысы Ж.Әуелхан «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің менеджері А.Әмір, Қызылорда қаласының әкімдігі «Қызылорда қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Жылқыбай, Қызылорда қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің статистик маманы Ә.Иса, Қызылорда қаласының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің статистик маманы Е.Асанхан және СЕҰБ қызметкерлері және жеке кәсіпкерлік басшылары, РМК «Еңбек-Қызылорда» филиалы директорының орынбасары Е.Баудинов қатысты.
Күн тәртібінде ҚАЖ мекемелерінің бос аумақтарында өндірістік обьектілердің жылдам салынатын модульдік үй-жағдайларын орнаиуға мүмкіндік беру арқылы шағын орта бизнес субьектілерін тарту мәселесі қаралды.
Жиын соңында қосымша сұрақтар мен туындаған мәселелер өз шешімін тауып, шағын және орта бизнес субьектілерін мекеме аумағына тарту мәселесі қолға алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!