Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түрмеде қиылған неке

22.12.2020, 10:30 741

HALYQLINE.KZ Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЕЦ-166/25 мекемесінде неке қию рәсімі өтті.

Департаменттің мәліметінше, некені заңдастыруға түрме де кедергі емес. Неке және отбасы туралы кодекске сәйкес, сотталғандардың да неке қиюға құқы бар.

Түзеу мекемесінде неке қию рәсімінің өткізілуі бірінші рет емес. Биыл 5 неке тіркелді.

Жазасын өтеп жатқан Андрей мен оның қалыңдығы Аленаның некесін АХАТ қызметкері қиып, құттықтады.

«Біздің бұған дейін үйлену жоспарымызда жоқ еді. Андрей екі жылға сотталды. Бірақ соған қарамастан, біз некелесеміз деп шештік», –­­ дейді қалыңдық.

Карантин болғандықтан сотталушы қалындығы мен құттықтау рәсімін онлайн режимде көрді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: