Қызылорда қаласының тұрғыны, 35 жастағы азаматша сеніміне кіріп, «Түркия елінен алтын бұйымдарын жеткізіп беремін» деп, алаяқтық жолмен 3 млн теңге ақшасын алғандығы жөнінде арызданған. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жедел-іздестіру нәтижесінде күдікті ұсталып, оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.
Құрметті тұрғындар, алаяқтардың арбауына түспеу үшін әрқашан сақтық шараларына мән беріп, күмәнді ұсыныстардан бас тартыңыз. Алаяқтық жаһандық мәселеге айналып отыр. Ақпараттық сауаттылықты дамыту және сақтық шараларын қолдану арқылы ғана біз өзімізді, мүлкімізді және жеке деректерімізді алаяқтардың ықпалынан қорғай аламыз.
Көрнекі сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!