Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбековтың тапсырмасына сәйкес, жасөспірімдер арасында жиі орын алатын қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында және балалардың құқықтарының сақталуы мен қорғалуын арттыру бағытында рейд жұмыстары жүргізілді.
Рейд жұмыстары кезінде кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі мезгілде қоғамдық орындар мен көшелерде ата-анасыз немесе заңды өкілсіз шектеулі уақытта жүруге тыйым салынғаны жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Рейд барысында компьютерлік ойын — сауық орындары, қоғамдық орындар мен спорт алаңдары қамтылды.
Жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар және жастар арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында рейдтік жұмыстар тұрақты жүргізілуде.
ЕСКЕРТПЕ:Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы — заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.
@Шиелі ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!