Қызылорда қаласы әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ кезекті түнгі рейдтік іс-шараларды ұйымдастырды. Негізгі мақсат – жастар мен жасөпірімдер арасындағы қылмыстың, топтық төбелестердің алдын алу және кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын оқыс оқиғаларды болдырмау, деп жазады баспасөз қызметі.
Жедел топ аралау кезінде қала аумағындағы ойын-сауық орындарын, саябақтар, ойын алаңдары және жастар көп шоғырланатын аймақтар назарға алынды. Сондай-ақ, кәсіп иелеріне жадынамалар беріліп, жауапкершілік туралы түсіндірілген хабарламалар таратылды.
Рейд барысында 36 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Оның ішінде, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта жүргені үшін 31 ата-анаға қатысты (ӘҚБтК-нің 442) әкімшілік шара көрілді. 1 ойын-сауық мекеме иесіне нысанда кәмелетке толмағандардың болуына жол бергені үшін (ӘҚБтК-132) хаттама рәсімделді.
Жалпы, жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігіне сәйкес, яғни түнгі уақытта 23.00-ден кейін заңды өкілінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болған 1292 жасөспірім (2023 жылы-1229), ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігіне сәйкес, 173 (2023-90) жасөспірім анықталды.
Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті жүргізіледі. Ата-аналарға заңды өкілінсіз балаларын беймезгіл уақытта үйден тыс жіберулеріне тыйым салынады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!