Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Терминалдарды ұрлаған

12.04.2024, 11:00 199

HALYQLINE.KZ

Сотталушы У. тергеумен анықталмаған Б. есімді адаммен сөйлесіп, өзінің ақша қаражатынан қысылғанын алға тартып, екеуі ұрлық жасауға келіскен. Екеуі дәріхананың есігінің құлпын электрлі дрель құралымен бұзып кіріп, кіреберісінде тұрған терминал құрылғысын және қоржынына жинақталған ақшаны жасырын жымқырған. Әрі қарай терминал құрылғысының есігін бұзып, ішіндегі ақшаны иемденіп, қылмыс ізін жою мақсатында терминалды Сырдария өзеніне лақтырып жіберіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Нәтижесінде, «A» ЖШС-не 545100 теңге мүліктік шығын келген.

Сотталушы У. өзінің қылмыстық іс-әрекетін жалғастырып, танысы сотталушы Қ.-мен алдын ала келісіп, дүкеннің есігінің құлпын электрлі дрель құралымен бұзып, ішіне заңсыз кіріп, дүкеннің кіреберісінде тұрған терминал құрылғысын және қоржынына жинақталған ақшаны жымқырып, оқиға орнынан бой тасалаған. Қылмыстық іс-әрекет салдарынан «A» ЖШС-не 392620 теңге мүліктік шығын келген.

Сот талқылауында сотталушылар тағылған айыптарды мойындап, өз әрекеттеріне шын жүректен қынжылып өкінетінін жеткізді.

Сот үкімімен сотталушы У. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 2), 3)-тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Ал, сотталушы Қ. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі 3)-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Қызылорда қаласының №2 соты

Көрнекі сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: