Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде айыпталушылар мен сотталған азаматтар арасында департамент бастығының орынбасары әділет полковнигі М.Нәкенов пен Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Д.Шарипбаев сотталған азаматтардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-тармағы бойынша тергеуде жатқан «А» есімді азамат пен ҚР ҚК-нің 106-бабы 2-тармағы бойынша тергеуде жатқан «Ә» есімді азаматша және ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-тармағы бойынша сотталған үш жазасын өтеушілерді Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі М.Нәкенов пен САӘПТТЖБ-ның бастығы әділет подполковнигі С.Сейдахметов және де мекеме бастығының орынбасары әділет майоры А.Әмірбек, әділет полковнигі Д.Зиябеков, әділет майоры Р.Тілеумұратов сынды басшылық құрам айыпталушылар мен сотталған азаматшаның көкейінде жүрген жеке сауалдарына яғни, сот үкімінің шығуы, бостандыққа бейімделуі жөнінде сондай-ақ, прокурорлық сұрақтар бойынша жеке қабылдай отырып, өз жауаптарын берді.
Сонымен қатар, айыпталушы мен сотталғандар арасында әйелдер ұсталатын бес камераға кіріп, қажетті сауалдарына басшылық тараптан жауап беріліп, камералардың жағдайын тексерді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!