HALYQLINE.KZ Қызылордадағы ЗК-169/1 тергеу изоляторының кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері кадрлық сұранысты толықтыру мақсатында Орда жоғарғы коледжі студенттерімен кездесті.
Коледж студенттерінің алдында мекемеменің кадр саясат тобының әділет аға инспекторы Д.Шахи мен кәсіби қызметтік және денешынықтыру даярлығы жөніндегі инспекторы, әділет аға лейтенанты М.Тұрымбетов сөз сөйлеп, келудегі мақсаттары жайлы баяндап берді.
Олар өз сөздерінде қызметке орналасу бойынша кандидаттардың құжаттарын қабылдауы туралы, ішкі істер қызметкерлеріне арналған арнайы бағдарламалар және білімін жетілдіру курстары жайлы айтып берді.
Студенттер арнайы қызметтік формадағы қызметкерлердің әңгімесін қызыға тыңдады.
Соның ішінде аға лейтенант М.Тұрымбетовтың ҚАЖ саласында өзі еңбек етіп келе жатқан жылдарындағы ҚАЖ саласы жұмысының жауапкершілікті талап ететін қиындығы мен қызықшылығы жайында айтқан әңгімесі әсерлі шықты.
Ол өз кезегінде студенттерге оқуды бітірген соң, ішкі істер органдарының ҚАЖ қатарында қызмет етуге шақырды.
Барлық қойылған сұрақтарға жауап берілді. Ішкі істер органдарының қатарында қызмет етуге кейбір студенттер қызығушылық танытты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!