Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тергеу изоляторының 1-тоқсан бойынша жұмыс нәтижесі қорытындыланды

19.04.2023, 11:30 391

HALYQLINE.KZ Қылмыстық атқару саласының Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде ағымдағы жылдың 1-тоқсанында мекемедегі атқарылған жұмыстарды қортындылау мақсатында Қызылорда облысының ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі М.Нәкеновтың төрағалық етуімен жедел кеңес отырысы өтті.

Жедел кеңеске ҚАЖ департаментінің Режим және қадағалау тобының бас маманы әділет подполковнигі Б.Наурызбаев, мекеме бастығы әділет майоры Қ.Ильясов, орынбасарлары мен бөлім бастықтары, жеке құрам және ерікті жалдамалы қызметкерлер қатысты.

Жиынды департамент бастығының орынбасары ашып беріп, күн тәртібімен таныстырды.

Күн тәртібі бойынша мекеме бастығының тәрбие істері жөніндегі орынбасары, әділет полковнигі Ж.Зиябекеов үш айда атқарылған жұмыстардың қортындысы жайындағы дайындалған баяндамасын оқыды.

Баяндаманы тыңдаған әділет подполковнигі М.Нәкенов мекеменің қауырт жұмысы барысындағы жіберілген кемшіліктерге ерекше назар аударды.

Соның ішінде, жеке құрамы арасындағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды әліде жандандыру керектігі жайында айтты.

Жеке құраммен жұмыс жасайтын мекеменің кадр саясаты тобының кәсіби қызметтік және дене шынықтыру даярлығы сабақтарында жас жаңадан келген қызметкерлермен барынша көбірек жұмыстар өткізу керектігі жөніндегі ұсыныстарын білдірді.

Әсіресе, жеке құрамның арнайы контигентпен қарым- қатынас орнатуда заң талаптарына сай болуы жағына аса көңіл бөлу керектігін баса айтты.

Режим және күзет бөліміне, кезекші бөлімге, тәрбие бөліміне бірқатар сын-ескертпелерін жеткізді.

Айтылған кемшіліктер бойынша мекеменің кіре берісіндегі № 1 бақылап өткізу бекетіндегі тексеру-тінту жұмыстары қатаңдатылып, тексеруге қажетті техникалардың толық жұмыс жасауын аса мән беріліп, мекеме қызметкерлері тарапынан құқық бұзушылыққа жол берілмеуі үшін әліде тиісті шаралар атқарылып, күн тәртібінен түспеуі керек деген ұсынысын білдірді.

Департамент басшысының орынбасары М.Нәкенов сөз соңында әрбір қызметкерді ҚАЖ талаптарына лайықты жүріп-тұрып, ыйықтарындағы жұлдыздың салмағын сезініп, заң аясында, жауапкершілікпен жұмыс атқаруға шақырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: