Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Теміртордағы гүл баптаушысы

14.07.2023, 16:20 149

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы ҚАЖД-ға қарасты №68 тергеу изоляторының шаруашылық бөліміне қалдырылған С. есімді сотталған мекеме қамауына келіп түскелі өзіне ерекше жұмыс тауып алды.

Оның бұл ісі Қылмыстық атқару жүйесі мекемелері аумағын абаттандыру мен көгалдандыру іс-шарасы негізінде жүзеге асып келеді.

Ерте көктемнен қыстан қалған қалдықтарды тырмалап, жинап, аударып, тыңайтып, уақыты келгенде гүл егуге кіріседі.

Соның нәтижиесінде, жадыраған жаз айында бұл алаңда гүлдің түр-түрі құлпырып өсіп тұрады.

– Жайнаған, жарқыраған әсемдікке қарап, әйелімді, балаларымды жиі еске аламын. Әйелімнің есімі – Роза. Оны мен гүлдей құлпырып тұрған шағында кездестірдім. Ғашық болдым. Үйлендім. Бірақ, соңғы ұзақ мерзімді кездесуге келгенде уайымнан ба, өңі сынық.

Әйел де, жас балада гүлдей баптаумен өседі. Сондықтан бұл нәзік өсімдіктерді сол аяулы жандарымдай көріп, аса қамқорлықпен қараймын.

Гүл өсіру қиын жұмыс емес, бірақ шыдамдылықты қажет етеді. Гүлді қарап, баптап жүрген кезде, темір тордың артында екеніңімді ұмытып кетемін. Өйткені, мұндағы атмосфера жылы, жарқын және жан тыныштығын сыйлайды, – дейді сотталған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: