Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тазалыққа талап босаңсымайды

29.06.2025, 17:10 132

Қала әкімдігі жанындағы мобильді топ өкілдері облыс орталығындағы И.Журба мен Төреқұлов көшелерінде санитарлық тазалықтың сақталуына бағытталған кезекті рейд жұмыстарын жүргізді.

Рейд барысында көшелерге құм мен тастарды бейберекет шығарып, айналаны ластаған бірқатар азаматтар анықталды.
Аталған тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 821 және 822-баптарына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, тиісті шаралар қабылданды.

Айта кету керек, мұндай тазалықты бақылау шаралары қала әкімдігі тарапынан күнделікті негізде жүргізілуде.

Барша тұрғындарды қаламыздың тазалығын сақтауға, есік алдындағы және көше бойындағы реттілікке мән беруге шақырамыз.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: