Соңғы уақытта азаматтардың және заңды тұлғалардың экологиялық заңнаманы өрескел бұзуы, сондай-ақ, қоршаған ортаға зиян келтіру жағдайлары жиілеп кетті. Осыған байланысты ағымдағы жылдың 23 шілде мен 30 тамыз аралығында қоршаған ортаны қорғау және оның ластануын болдырмау мақсатында қазіргі уақытта қала аумағында экологиялық заңнаманы бұзушылардың әрекеттерін анықтауға және жолын кесуге бағытталған «Таза Қазақстан» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Бұл ізгілікті шара Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ел халқына жолдауында белгіленген тапсырманы орындау мақсатында қолға алынған. 27.07.2020 жылы Көліктегі ПД-нен келіп түскен нұсқауға сәйкес, Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің құзыреті шеңберінде экологияны жақсарту, халықтың табиғатқа ұқыпты қарауын әдетке айналдыру бойынша белгілі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Яғни, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және Қызылорда облысы бойынша экология департаментінің өкілдерімен бірлескен жоспар құрылды.
Тазалық – денсаулық кепілі. Қала – ортақ үйіміз. Оның таза болуы әрқайсысымыздан басталады. Демек, тазалық өзімізден бастау алуы керек. Осы мақсатта табиғатқа ұқыпты қарауын қалыптастыру бойынша жолаушыларға түсіндірме жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Бұл бағытта іс-шаралар жалғастырылуда.
А.Бахытов,
Қызылорда ст. ЖПБ ӘПб АҚҚАБт инспекторы, полиция капитаны
Көрнекі сурет
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!