HALYQLINE.KZ 12 наурыз күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне «102» жедел арнасына қала тұрғынының арызы келіп түсті.
Арызданушының айтуы бойынша, 10 наурыз күні танысы ұялы телефонын сұрап, ақпараттық жүйесіне заңсыз кіру арқылы банк бағдарламасы арқылы 400 мың теңге көлемінде заттай несие рәсімдеп алған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлермен ұрлық жасаған облыс тұрғыны ұсталды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұл тартпау шарасы қолданылды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 2-бөлігі 4-тармағымен (Ақпараттық жүйеге заңсыз кіру не телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарыжүргізілуде.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!