Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәртіп сақтау – ортақ міндет

30.01.2024, 9:40 251

Қоғамдық тәртіпті бақылап, бей-берекет тасталған қоқыстарды, шет аймақтарға төгілген кәріз суларын, заңсыз жер қойнауын пайдаланушыларды анықтау үшін жұмыс жасайтын кезекті түнгі рейдтің жетекшісі – Қазалы ауданы әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілеп.

Ринад Ибайдуллаұлы бастаған құрам Әйтеке би кентіндегі спорт алаңдары мен ойын-сауық орталықтарына барып, кәмелет жасқа толмаған жастардың беймезгіл уақыттан кейін жүруіне болмайтындығын ескертті.

Сонымен қатар аудан сыртындағы шет аумақтарды аралап, түнгі мезгілде қоқыс тастаушылардың, кәріз суларын төгушілердің болмауын бақылады.

Тыныштықты көздейтін топ құрамында аудандық білім бөлімі, мектеп, полиция бөлімі мен аудан әкімі аппаратының қызметкерлері болды.

Айта кеткен жөн, аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың тапсырмасына сәйкес қоғамдық тәртіпті бақылаушы топтардың жұмыстары тұрақты жалғасып отырады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: