Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәлімгерлер кеңесі өтті

11.07.2024, 18:00 151

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қызылорда облысының Полиция департаментінде Тәлімгерлер кеңесінің мүшелері жас мамандармен кездесті, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Күн тәртібінде Тәлімгерлер кеңесімен 2024 жылдың І жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың жай-күйі қаралып, алдағы уақытқа қойылған міндеттер айқындалды.

Кездесуге Қызылорда қалалық Полиция басқармасы, аудандық полиция бөлімдері бастықтарының тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі орынбасарлары және ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының түлектері, оларға тәлімгер болып бекітілген қызметкерлер бейнеселектор арқылы қосылды.

Қай мамандық болмасын, жастарға тәлімгерлердің беретін тәжірибесі өте қажет. Тәлімгер шәкіртіне қатаң талап қоя білгенде ғана одан мықты маман шығады. Жас мамандар алған білімдерін іс-тәжірибедегі біліктілігімен ұштастыра білгенде ғана өз мамандығында кездескен мәселелер мен қиындықтарды жеңеді.

Тәлімгерлер – жас мамандарға дұрыс жол көрсетіп, құқық қорғау қызметінің сан қырлы жақтарымен таныстырып, өз міндетін абыроймен атқару, азаматтармен мәдениетті қарым-қатынас жасау, өзінің жұмысын құрметтеу, елін, Отанын қорғау, оның қауіпсіздігін, тыныштығын сақтау және полицияның атына кір келтірмеу секілді міндеттерді жете түсінуге ықпал етуі қажет.

«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі 2024 жылды ішкі істер органдарында «Кадрлық әлеуетті арттыру жылы» деп жариялаған. Оның аясында жеке құраммен жұмысты жақсарту бойынша бірқатар іс-шара атқарылуда.

Бүгінгі таңда Қызылорда облысы Полиция департаменті Тәлімгерлер кеңесінің төрағасы болып, Ішкі істер органдарының ардагері, запастағы полиция полковнигі Серікбол Тұнғышбаев тағайындалды. Облысымыздың Ішкі істер органдарының құрметті ардагерлері арасынан Тәлімгерлер кеңесінің мүшелері тағайындалып, қазіргі таңда ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Ардагерлеріміздің жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен тәлімгерлігі жас мамандарға құнды ақыл-кеңестерін айтып, бағыт-бағдар беруінің жас ұрпақтың тәлім-тәрбиесінде ерекше маңыздылығы бар деп есептеймін» деді Департамент бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Е.Абдраманов.

Бұл ретте ішкі істер органдары жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі және ұзақмерзімді қызметі үшін Ішкі істер министрінің бұйрығымен Қызылорда облысы Полиция департаментінің бірқатар ардагері марапатталды. Бүгінгі жиын барысында ардагерлерге ҚР ІІМ-нің «Алғыс хаты» салтанатты түрде табысталды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: