HALYQLINE.KZ Департамент қызметкерлерінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мамандарының және басқармаға қарасты мекеме басшыларының қатысуымен кездесу өткізілді.
Аталған іс-шарада, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің рөлі мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерне ішкі талдау жұмыстарының маңызды туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды қабылдамағаны үшін мемлекеттік органдар басшыларының жауапкершілігі аясында ауқымды ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, жиында жаңашылықтардың бірі – негізсіз баю және шығыстардың кірістерден асып кеткені үшін жауапкершіліктің қарастырылуы туралы айтылып, сыбайлас жемқорлық қылмастары туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу тәртібі түсіндірілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!