Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Судьяны белгісіз біреулер атып кетті

28.05.2025, 9:45 132

38 жастағы судья жұмысқа бара жатқанда, үйінің маңында оққа ұшқан. Иранның оңтүстігіндегі Шираз қаласында орналасқан 102-ші қылмыстық соттың судьясы Эхсан Багери белгісіз екі адамның қолынан қаза тапты, – деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған ақпаратты «Еркін Иран» Telegram-арнасы таратып отыр. Фарс провинциясының сот төрағасы айтқан мәліметке сүйенсек, 38 жастағы судья бүгін таңертең жұмысқа бара жатқанда, үйінің маңында оққа ұшқан.

«Қылмыс суық қарумен жасалған», – деп нақтылады ол.

Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтау үшін жергілікті қауіпсіздік және барлау органдары тергеу жүргізіп жатыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: