Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сталиннің суретін кеудеге не үшін салған?

20.07.2023, 15:00 316

HALYQLINE.KZ

(түрмедегі татуировка туралы)

Сталиннің суретін кеудеге салғандығы туралы Владимир Высоцкий өзінің «Банька по-белому» әнінде былай деп жырлаған болатын:

«И наколка времен культа личности засинеет на левой груди…»

«Сколько веры и лесу поваленно, сколь изведано горя и трасс,

Как на левой груди-профиль Сталина, а на правой-Маринка анфас».

Сол кездегі идеологияның күшті болғаны соншалық, өздерінің лагерлерьдегі адам төзгісіз жағдайын Сталин білмейді, білсе құтқаратындай көргенін осы әннің жалғасынан көруге болады: «Ближе к сердцу кололи мы мы профили, чтоб он слышал, как рвутся сердца» деп шырқаған болатын. Сол кездегі зонада «кім кеудесіне Сталиннің суретін салдырса, оны атпайды» деген түсінік пе, әлде сенім бе қалыптасқан? Лагерьдегі адам төзгісіз жағдайдан шаршағандар қашу үшін кеудесіне Сталиннің суретін салдырған, егер ұсталып қалған кезде: «Мә мына кеудемнен ат» деп кеудесін ашқан кезде көсемнің суретін ата алмаған соң, айдауыл-конвой лагерьге қайтадан алдына салып әкеледі деген соқыр сенім қалыптасқан еді. Алайда тайгада бірнеше күн бойы қашқындарды қуған конвой айдалада кім көріп жатыр деп, маңдайынан атып тастап, келген соң акт жасайтын еді.

Енді зонаға түскендердің татуировкасы туралы қысқаша түсінік бере кетейік. Түрме заңы бойынша татуировкасыз адам адам емес, түрмеден зонаға келген оларға наколкасына қарай лақап ат (кличка) қойылады. Денедегі наколка «тікенек сым» болса, оның кәмелетке толмағандардың еңбек түзету коллониясынан келгені оған «Сәби» не «Боқмұрын» деген кличка берді, «қыздың басы» болса, оның кәмелеттік жасқа түрмеде толғанын білдіреді, «бала көтерген құдай ана» болса оның дүниеге түрме лазаретінде келгенін білдіреді, «кілт пен жебе айқасып тұрса» оның пәтер тонаушы-«домушник» болғаны, «өрмекші» болса ол қалтаман («карманник»), кеудесінде мысықтың басы салынып «КОТ» деп жазылса, оның абберевиатурасының мағынасы «коренной обитатель тюрьмы» дегенді білдіртеді, яғни «Жолы болғыш джентельмендер» фильміндегі «доцент» айтқандай» «іштің- ұрладың-түрме!, іштің-ұрладың-түрме! Романтика!» дегендей түрмеден шықпайтын жайсаңдар болғаны. Ал «екі қол алысып, ортасына бір тал гүл болса» оның гомосексуалист болғаны, кеудесінде «Давид жұлдызы» болса, ол еврей және түрмеде паханнан кейінгі авторитет болғаны, иығында «Сегіз қырлы жұлдыз» болса, ол зонадағы «заңдастырылған ұры» (Вор в законе). Барлық наколкаларға түсінік беру мүмкін емес, білгісі келгендер осы саланы 30 жылдан астам зерттеген Аркадий Бронниковтың «Энциклопедия российских криминальных татуировок» кітабын оқуға кеңес береміз.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: