Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталғандарға электронды білезік қолданылатын болады

04.04.2022, 11:00 516

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің аудандық, қалалық пробация қызметінің есебіндегі сотталғандарға электронды білезіктер алынды. ҚАЖ департаментінің пробация қызметіне басшылық жасау тобының аға инспекторы С.Тлеуованың айтуынша электронды білезіктер келесі санаттағы сотталғандарға тағылады жазаны өтеу шарттарын жүйелі түрде бұзатын және бірнеше ескертулері бар, сынақ мерзімі ұзартылғандар мен кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстары үшін сотталғандар.

«Бұл электронды білезік сотталғандарды бақылау жасауға, тұрғылықты мекенжайын тастап кетпеуге, қайта қылмыстық алдын алуға септігі мол. Білезік тағылған сотталғандарды пробация инспекторлары арнайы планшеттер арқылы бақылайды, егер сотталған жаза өтеу тәртібін бұзса немесе білезікті өздігінен шешуге тырысса дабыл сигналы тәрізді белгі түседі»,- дейді әділет майоры Сәбигүл Тлеуова.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: