Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталғандарды жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкерлермен кездесу өтті

28.07.2023, 12:34 230

HALYQLINE.KZ
Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №37 мекемесіндегі жазасын өтеушілер қала ішіндегі жеке кәсіпкерлерде, өндірістерде келісімшарт негізінде жұмыс істейді. Бүгін осы мекемеде мекеме бастығының орынбасары, әділет майоры Абай Битаевтың төрағалығымен сотталған азаматтарды жұмыспен қамтып отырған жеке кәсіпкерлермен кездесу өтті.

Кездесу барысында әділет майоры А.Битаев жеке кәсіпкерлерге жазасын өтеушілердің айлық жалақыларының уақытылы төленуі, оларды жұмыс уақытында жұмыс орнынан босатпау, сотталғандар кешіккен жағдайда мекемеге хабарлама беруді ескертті.

Сондай-ақ жұмыс уақытында қолданыстағы нормаларға сәйкес арнайы киімдермен қамтамасыз етілуі, техникалық қауіпсіздік ережелерінің сақталуы туралы нұсқаулықпен күнделікті таныстырып айтып отыру қажеттігін, сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттарды жұмыс барысында қолдануға бермеу керектігін тарқатып айтты.


Қазіргі кезде №37 мекемесіндегі 150 -ден астам сотталған қала аумағындағы 29 кәсіпкерде жұмыс істейді. Олар газоблок, құм блоктарын өндіру, пластик терезелер жасаумен, жалюзи тігумен, кірпіш өнімдерін шығарумен және автокөліктерді жөндеу, жұмсақ жиһаз даярлаумен айналысады.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: