HALYQLINE.KZ Қазіргі заманғы технологиялар адамдарға қашықтықтан көрінуге мүмкіндік берген. Бұрын тек дауыстарын естіп ғана қойса, қазір адамдар бірін-бірі Skype жүйесі арқылы көріп, біліп жүр. Бұл жағдай жақындарынан жырақта болып, жабық мекемеде жазасын өтеп жатқан жазаланушылар үшін оңтайлы болып тұр.
Еліміздегі эпидемиялық жағдай белең алғалы бері, коронавирустық инфекцияның жұқтырмаудың алдын алу мақсатында ЗК-169/1 мекемесі бойынша орасан зор жұмыстар атқарылды. Соның ең бастысы, мекеме аумағында жатқан құқықбұзушылардың денсаулығына қауіп келтірмеу мақсатында жасалған онлайн жүздесулерді ерекше айтуға болады. Карантин режимі енгізгелі жазасын өтеушілердің жақындарымен ұзақ және қысқамерзімді кездесуі, тоқтатылған болатын.
Ал, темір торға телміріп күндері өтіп жатқан қапастағылар үшін етжақындарымен кездесу, олардың жабырқаулы көңілін қуанышқа бөлері анық. Сотталғандарды психологиялық және моральдік жағынан қолдау мақсатында мекеменің кезекші ғимаратынан арнайы екі бөлме бөлініп, Skype желісі арқылы сотталғандар туыстарымен хабардар болып отырады. 15 минут болса да, жанашыр жақындарымен жүздескен жазасын өтеушілер елдегі болып жатқан індеттен, үй-ішіндегілердің аман-есен екенін біліп, көңілдегі күдігін сейілтеді. Мұндай онлайн жүздесулердің артықшылығы сол, бұрынғы бетпе-бет кездесуде тек ең жақынымен ғана кездессе, Skype желісі арқылы бала-шағасын, ағайындарын да көріп, жүздесіп жатады. Осы мекемеде 2 жылдан бері жазасын өтеп жатқан жанның бірі – Амангелді (Орал қаласының тумасы). Амангелдінің отбасы, ағайын-туыс бауырлары Орал қаласында тұрады. Жердің шалғайлығынан бөлек, мынандай жағдайда туыстарының келмесі де анық.
«Онлайн жүздесулер арқылы анам мен бала-шағамның амандығын біліп, бейне-бір үйде болып келгендей, көңілім жайланып қалды әрі олар да, менің денім сау екенін көріп, көңілдеріне медет тұтады, – дейді Аманкелді.
Ал, бүгінгі таңда мекемеде күніне осындай, 20-25 онлайн жүздесу болып жатыр. Олай болса, мұндай жүздесулердің сотталғандар үшін оңтайлы жағдай екені анық.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!