Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталғандар спорттық сайыстан сынға түсті

01.09.2020, 18:30 633

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЗК-169/5 мекемесінде 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнінің 25 жылдығына орай, мекеменің сотталғандар арасында тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің ұйымдастыруымен жазасын өтеуші сотталған азаматтар арасында спорттық шара өтті.

Жарыс спорттың үстел ойындары дойбы, шахмат түрлерінен санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізілді. Жарысқа осы спорт түрінен үздіктер қатарынан көзге түсіп жүрген 8 жазасын өтеуші қатысты. Қызықты да тартысты өткен жарыста жеңімпаздар анықталып, мекеме бастығының «Алғыс хатымен» марапатталды.

«Мұндай спорттық шараларды жиі өткізу сотталған азаматтардың саламатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түзелу жолына түсуіне берері мол. Себебі, еңбекпен тәрбиелеу секілді спортпен тәрбиелеуді қатар алып жүрудің де маңызы жоғары. Алдағы уақытта қателікке бой алдырмай, қоғамда өз орны бар мемлекетіміздің азаматы болып, бостандыққа шығып, отбасыларыңызға аман-есен қауышыңыздар», – деді сотталғандар арасында тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің бастығы Алтынбек Өскенбаев.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: