HALYQLINE.KZ Темір тордың ар жағында күндері өтіп жатқандар елдегі жағдайға елеңдеулі. Солардың бірі, ЗК-169/1 тергеу изоляторының шаруашылық бөліміне қалдырылған С. есімді сотталған туыстары мен балаларын ойлап қамықты. Бұл азаматтың ержеткен ұлы бар екен. Алып-ұшып жалындап тұрған жас болғандықтан, қоғамдағы дүрбелең алашапқынның ортасына түсіп, басбұзарларға еріп, жөнсіздікке ұрынбаса екен деп уайымдайы.
– Күні кеше таксофонмен әйеліммен сөйлесіп, балаларымның, туыстарымның амандығын біліп, көңілім жай тапты. Дана халқымызда «Кемедегінің жаны бір» демей ме? Қазақстан азаматы ретінде, біз темір торда отырғандар, батыс өлкеден басталған бейбіт шерудің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқанына өкініштіміз. Бостандықтағылар бейбіт күннің қадірін білмейді. «Тәртіпке бағынған құл болмайды» дегендей, заңнан аттаған әрбір іс-әрекеттің өтеуі бар екенін білу керек, – деп, ағынан жарылды.
Иә, елудегі бұл ер кісі, кезінде қызуқандылықпен алды-артын аңдамай, қылмыс жасады. Енді соның жазасын өтеуде. Бостандықта жүргенде қызметі, әралуан тіршілігі бар еді. Жастайынан әдебиетке жақын болғандықтан, көңілі күй қозғағанда іштегі сезімдерін өлеңмен өрнектейтін. Бірнеше күнгі санасына маза бермеген күпті ойын бұл жолы да, қағаз бетіне түсіріп жазып шықты.
Бабамыздың арманы еді тыныштық,
Бүгін неге бүлінді екен бейбіт күн.
Тәуелсіздік баршамызға тым ыстық,
Отқа оранды, өртке оранды қара түн.
Ойрандатты еліме сап бүлікті,
Ойы арамдар ортаға кіріп ілікті.
Әппақ сүттей ұйып тұрған халықты,
Бірақ күнде арандатты, ірітті.
Ақылға кел, сабырға кел жастарым,
Таба болма, күкісіне қалма басқаның.
Қайырлы болсын, қайтқандарың Халқым-ау,
Ашық болсын, тұманданбай аспаның.
Біліңіздер бостандықтың қадірін,
Бағалаңдар бейбіт шақтың әр күнін.
Елім, жұртым болса екен дін аман,
Аман болсын туған-туыс, бауырым.
Өте керемет жазылыпты