HALYQLINE.KZ Сот билігі – бұл мемлекеттік биліктің негізгі тармақтарының бірі. Оның мәртебесі, қазіргі кездегі қоғамның саяси және әлеуметтік жүйесіндегі орны мен олі ең қымбат қазынасы адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын мәдениетті азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құру міндеттерімен айқындалады.
«Сот билігі» ұғымы өзімізге белгілі, қазақстандық құқық басында қайта пайда болды. Кеңестік тоталитарлық партиялық режим жағдайындағы сот билігінің қазіргі Қазақстандағыдай болуы мүмкін емес еді: сондықтан, Кеңестік Конституциямен бекітілген соттардың жинтығы қандай жағдайда болмасын өзін көрсете алмады. «Сот билігі» ұғымының өзі «сот жүйесі» ұғымымен алмасты, ал ол көбіне құқық қорғау органдарының бірі ретінде қарастырылды. Олай болса, сот билігі – мемлекеттік биліктің дербес тармағы.
Ата Заңымызбен сот төрелігін Қазақстан Республикасының атынан соттардың жүзеге асыратыны, сот төрелігін іске асыру өкілеттіктер берілген, өз міндеттерін тұрақты негізде орындайтын және сот билігін жүргізуші болып табылатын мемлекеттің лауазымды адамы судьялармен жүргізілетіні белгіленген.
Сондықтан мемлекет атынан шешім қабылдап, сот төрелігін жүзеге асырушы судьяларға қойылатын біліктілік талаптарының күшейтілуі шартты қадам болып табылды.
Қазақстан Республикасының сот билігінің негізгі іргелі белгісі – оның ерекшелігі. Біртұтас мемлекеттік биліктің бөліну принципі әрбір биліктің мемлекеттік қызметінің өз бетінше белгілі монополиясын болжайды. Бірақ, биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының арасындағы қызметтердің шиеленісуі бұндай жағдайларда заңдық реттеу қызметін атқарады. Сот билігінің негізгі қызметіне не жатады – ол төрелігін жүзеге асыру, ал ол қандай жағдайда болмасын соттан басқа қандай да бір органмен жүзеге асырыла алмайды.
Судьялардың есеп беру тәртібі күшейтіліп, судьялыққа кандидаттардың кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеретін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу қарастырылып отыр.
Елiмiздегi сот жүйесi Тәуелсiздiктiң 29 жылында үлкен жетiстiктерге қол жеткiздi. Мемлекетiмiздiң сот-құқықтық жүйесiн жетiлдiру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Әрбiр судья Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында сот саласын одан әрi дамыту туралы атап көрсеткен бағыттарын басшылыққа алып, сот билiгiнiң биiк абыройы үшiн адал қызмет етiп, сот жүйесiн одан әрi жетiлдiру бағытында жұмыстар атқаруда.
Тарихтан белгiлi, сот ғасырлар бойы билiк пен ел басқарудың негiзгi тетiктерiнiң бiрi болған. Содан шығар, халық сот дегенде әдiлдiктiң бейнесiн көз алдына елестететiн болған. Тәуелсiздiгiмiз тұғырлы, болашағымыз жарқын, келешегiмiз кемел болуы үшiн осы рухани қазынаны әрi қарай қазiргi заман талабына сай жетiлдiруiмiз керек.
Руслан АЛИБЕКОВ,
Қызылорда облысының мамандырылған-ауданаралық
экономикалық сотының бас-маманы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!