Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сот – әділдіктің айнасы

26.12.2023, 13:55 217

Биыл Қызылорда облыстық сотына 85 жыл толды. Мерейлі мерейтой қарсаңында Қызылорда облысының соттары яғни 16 аудандық және оған теңестірілген соттар арасында «Үздік сот кеңсесі» атты байқауы ұйымдастырылды. Нәтижесінде Сырдария аудандық соты әкімшісі жылдың «Үздік сот кеңсесі» деп танылды. Осыған орай, еңбек адамдарының жұмысын насихаттау мен жыл үздіктерін дәріптеу мақсатында Өңірлік коммуникациялар қызметі баспасөз конференциясын өткізді. Ақпарат алаңында сот жұмысы туралы Сырдария аудандық соты әкімшісінің басшысы Нұрхан Әбдікәрім айтты.

– Азаматтық істер бойынша талап қою мен арыздардың «Сот кабинеті» сервисі арқылы жүзеге асырылады. Осыған сәйкес жыл басынан бері төрелік ақпараттық жүйесі арқылы 433 кіріс құжат тіркелген. Сырдария аудандық соты фронт офиспен қамтамасыз етілген. Онда сотқа келушілерге компьютерлік қызметтер көрсетіледі. Сонымен қатар, кез келген азаматқа «Сот кабинеті» сервисін пайдалану мүмкіндіктері қамтамасыз етілген, яғни арыз-шағым жолдау мүмкіншілігі қарастырылған. Жыл басынан бері «Е-өтініш» АЖ-і арқылы 10 өтініш тіркеліп, барлығы уақытылы жауап берілді. Міне, осының нәтижесінде жылдың үздік соты иелендік, – деді Нұрхан Есенгелдіұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: