Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Соңғы 6 жылда қоғамдық орындардағы қылмыс 80 пайызға азайған

23.06.2025, 19:30 132

Фото: akorda.kz

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ қызметкерлерін Полиция күнімен құттықтау салтанатты жиынында айтты.

– Соңғы жылдары елімізде барлық салада ауқымды реформалар жасалып жатыр. Мемлекеттің саяси жүйесі мен экономикалық құрылымы түбегейлі жаңғыруда. Ел ішінде жоғары құқықтық мәдениет қалыптасып келеді. Азаматтық жауапкершілік идеологиясы берік орныға бастады. Бұл – біздің стратегиялық бағдарымызға тән аса маңызды басымдық, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, мемлекет құқық қорғау жүйесін жетілдіруге және барлық салада заң мен тәртіп орнатуға баса мән береді. Сол себепті, осы бағытта нақты нәтижеге қол жеткізіп отыр.

– 2019 жылдан бері қылмыстық құқықбұзушылық саны шамамен екі есе азайды. Соның ішінде қарақшылық, тонау, ұрлық пен бұзақылық деңгейі 4 есе төмендеді, ал кісі өлтіруге қатысты қылмыстар 30 пайызға кеміді. Қоғамдық орындардағы қылмыс саны 80 пайызға азайды. Бұл – азаматтарымыз көшеде ештеңеден қауіптенбей, алаңсыз жүре алады деген сөз, – деді Мемлекет басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: