Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сот залынан қамауға алынды

09.12.2020, 15:20 588

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД Шиелі аудандық пробация қызметінің инспекторлары сотталғандар тарапынан жасалатын құқықбұзушылықтардың, олардың қайта қылмыс жасауының алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Шиелі аудандық сотында пробациялық бақылаудағы екі азаматқа қатысты сот отырысы өтті. Олар сот жүктеген міндеттерді орындамай, жаза өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған. Пробация инспекторлары олардың бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру үшін сотқа ұсыныс жолдаған. Сот қаулысымен екі азаматтың бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, сот залынан қамауға алынды. Сот қаулысы 15 күннен кейін күшіне енген соң, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жазасын өтеуге жіберіледі. Сот отырысына профилактикалық мақсатта есептегі сотталғандар да қатыстырылды.

«Жыл басынан аудандық пробация инспекторларының ескертулерінен қорытынды шығармаған, сот жүктеген міндеттерді орындамаған пробациялық бақылаудағы 16 азаматтың бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі, бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылып, ҚАЖ мекемелеріне өтеуге жіберілді», – деді аудандық пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Қайрат Байгенжеев.

Шиелі аудандық пробация қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: