Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шыттай форма, иықта – жарқыраған жұлдыздар

24.11.2021, 17:00 491

HALYQLINE.KZ Қызылорда қалалық Полиция басқармасының тергеу бөлімінің жеке меншікке қарсы қылмыстарды тергеу тобының тергеушісі, полиция капитаны Тәуекел Ержан Қайратұлы 2021 жылдың қорытындысымен қызметті нәтижелі көрсеткіштерге қол жеткізіп, Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің «Үздік тергеуші» байқауының финалында жүлдеге ие болып, ҚР ІІМ полиция генерал – лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған болатын.

Полиция қызметкері болу үшін білім де, білік те, білек те керек. Сабыр, төзім және қажыр-қайрат қажет. Әр істің артында адам тұр десек, осынау мейлінше ауыр жұмысты арқалаған тергеушінің әр сағатының өзі сан түрлі оқиғамен өріліп, оған қаншама күш-қайрат жұмсалатынын елеп-ескеру қиын емес. Тергеу органдарында негізінен өз тағдырын қиыншылығы мен қызығы мол, ауыр мәртебелі мамандықпен байланыстыруды жастайынан мақсат тұтқан қызметкерлер жұмыс істейді. Осындай абыройды арқалап жүрген маманның бірі – Ержан Қайратұлы.

Ержан Қайратұлы 1995 жылы шілде айының 11 күні Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында дүниеге келген. Табиғатынан елгезек, әр нәрсенің сырын білуге құштар, мектепте оқып жүрген кезінде-ақ оқу озаттарының қатарында жүріп, қатарластарының алды болған. Білімге құштар азамат 2013 жылы ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында білім алған. Болашаққа деген ұшқыр арман-қиялдарына бірте-бірте қол жеткізген талапты азаматттың ендігі мақсаты ел тыныштығын сақтау жолында қызмет ету болып табылды. Сөйтіп, ол өзінің еңбек жолын 2017 жылдан бастап, Қызылорда қалалық Полиция басқармасына тергеу бөлімінің жеке меншікке қарсы қылмыстарды тергеу тобына қызметке орналасып, адал қызмет атқару жолында ант берді.

«Ішкі істер органдарына келуіме өзіндік себептер болды. Менің әкем Тәуекелов Қайрат Оспанұлы – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентігінде» 30 жыл еңбек еткен, зейнеткер. Бала кезімнен халықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқарып, ел тыныштығын ойлап, тыңғылықты қызмет еткен әкеме қарап, қызығушылық танытып, менде халыққа қызмет етіп, парызымды өтеуім қажет екенін түсінген болатынмын. Сол арманыма қол жеткізгенімді мақсатыма жеттім деп санаймын. «Біздің басты міндетіміз – қылмыстық істерді тергей отырып, өзгелердің мұң-мұқтажына көңіл бөлу, қоғамда құқықбұзушылықты болдырмау. Осы орайда біз азаматтардан түскен арыз-шағымдар бойынша қолға алынған қылмыстарды ашып, анықтап, оларды сотқа жібереміз. Сот қылмыскерге әділ шешім шығарып, жәбірленушілердің құқығын қорғайды. Халыққа қызмет ету, ел игілігіне жұмыс жасау — біздің басты парызымыз», – дейді тергеуші.

«Біздің салада батыл да батыр, халыққа жақын, елдің тыныштығын сақтауға аянбай қызмет ететіндер жұмыс атқарады. Бірлікте атқарған жұмысымыз жоғары бағалануда. Осы тұста, жыл бойы жақсы нәтижелерімен көзге түскен бірқатар полицейлерімізге құрмет көрсетпек ниеттеміз. Марапаттарыңыз құтты болсын! Қиын да қауіпті саладағы жұмыстарыңызға табыс тілеймін», – деді Қызылорда облысының Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бектөре Сұлтан.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: