Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Шырша»: орман сұлуларын кесуге тыйым салынады

20.12.2024, 11:40 67

HALYQLINE.KZ

Осы жылдың 20-31 желтоқсан аралығында Қызылорда ст. ЖПб аумағында Жаңа жыл қарсаңында заңсыз ағаш кесуді, дайындауды, қылқан жапырақты ағаштардың жас өскіндерін тасымалдауды және өткізуді болдырмауға бағытталған «Шырша» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы басталады.

Полиция осы кезеңде рейдтер ұйымдастырады, аңшылық шаруашылықтары мен жерлерге, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіреберістер мен шыға берістерде мобильді бекеттер қояды. Сондай-ақ, қылқан жапырақты ағаштарды тасымалдау мен өткізудің заңдылығы тұрғысынан бақылау күшейтіледі.

Рұқсат беретін құжаттарсыз өткізудің және сатудың әрбір фактісі бойынша қылқан жапырақты ағаштарды сатып алу, сату, қайта сату және дайындау көздерін анықтаумен тексерулер жүргізілетін болады.

«Заң және тәртіп» қағидаты ішкі істер органдарының азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған қызметінің негізі болып қала береді. Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауап береді.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: