Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шешесінің көлігін мініп кетіп…

20.11.2024, 9:20 72

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы 3-бөлігімен азаматша М.-ға қатысты іс қаралды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша М.-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған, 16.03.2008 жылы туған ұлы Б. сағат 04:00 шамасында Қызылорда қаласы, Қазыбек би көшесінің бойында көлік құралын басқаруға құқығы жоқ күйінде автокөлік басқарған.

Демек, азаматша М. тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған ұлын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамай, ұлының әкімшілік құқықбұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекетке жол берген.

Азаматша М. сотта берген түсінігінде, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, өкінетінін білдіріп, жеңіл жаза қолдануды сұрады. Сот қаулысына сай азаматша М. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 51688 теңге көлемінде мемлекет пайдасына айыппұл салынды.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: