Журналист Михаил Козачков Түркістан облысында бес жасар қызды өлтірді деген күдікпен ұсталған азаматты алдыңғы қылмыстары үшін түрмеге отырғызбаған судьяларды атады.
- «5 жасар қызды өлтірді деген күдіктіні судья Нұрқазы Шетенов түрмеге отырғызбаған. Ал мемлекеттік айыптаушы Баймағамбетов оған наразылық енгізбеген. Бірақ олар пробация бойынша офицерді жазалапты. Сарыағаш аудандық сотының тағы бір судьясы – Айгүл Малаева. Судья Малаеваның алдына кісі өлтіргені үшін жазасын өтеген, кейін басқа адамды балтамен ұрып өлтірмек болған азамат келеді. Зорлық-зомбылыққа байланысты екі қылмыс жасағаны, күдіктінің өзін-өзі басқара алмайтыны, алкоголь ішетіні және қоғам үшін қауіпті екені анық болғанына қарамастан судья Малаева оны түрмеге жабудың қажеті жоқ, үкімін үйде күтсін деген шешім шығарады. Мұның бәрі сотқа дейін барлығы түрмеде отыруы керек елде орын алып тұр. Бірақ кісі өлтіруші үшін ерекше жағдай жасалған»,-деп жазады Козачков өзінің Telegram арнасында.
Бұрын күдікті мас күйінде ауылдастарын балтамен өлтірмек болған. Іс ҚР ҚК 106-бабы бойынша жүргізілді (денеге ауыр жарақат салу). Осыдан кейін сот ер адамды тергеу кезінде тұтқындайды.
- «Осылайша судья Малаева процеске қатысушыларды тыңдап, күдіктіні түрмеге отырғызбау туралы шешім қабылдады. Үйде қамауға алу жеткілікті деп есептеді. Кейін оған нақты мерзім беріп бас бостандығынан айырудың орнына тек бас бостандығын шектеу жазасы берілді. Бұл шешімді аудандық сот төрағасы Нұрқазы Шетенов қабылдайды. Сөйтіп қауіпті қылмыскер бостандықта қалды. Нәтижесі көз алдымызда – 5 жасар қыз көз жұмды», – деп жазады Козачков.
Еске сала кетейік, бұған дейін Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды бұрын сотталған ер адам өлтіргені (18 жерден пышақтаған – ред.) туралы ақпарат таралып, оның ұсталғаны анықталды.
Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында қызды өлтірді деген күдіктіні ұстау кезінде ауыл тұрғындары оны полицейлерден алып қалуға әрекеттенгенін айтты. Журналист жариялаған кадрларда олардың полиция көліктерінің соңынан жүгіргенін көруге болады.
Кейін Түркістан облысының полицейлері Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылында жағдай тұрақты деп хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Көпшілік бұл жантүршігерлік оқиға онсызда абыройы жоқ судьялардың беделін одан әрі түсіріп жібергенін айтады. «Әділетсіздікпен күресіп жүрген журналист Айгерім Тілеужанға бір судья 4 жыл үкім кеседі, ал аса ауыр қылмыс жасаған адамды екінші судья шартты жазамен босатып жібереді» дейді ашынған жұрт.
Фотода судья Нұрқазы Шетенов пен 5 жасар қызды 18 жерден пышақтаған қандықол қылмыскер.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!