Самат Әбішке қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ҚР Бас прокуратураның хабарлауынша, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты іс сотқа жіберілді.
Сондай-ақ, Бас прокуратура Қылмыстық істе мемлекеттік құпияларды қамтыған мәліметтер бар екенін ескере отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейтінін атап өткен.
Еске сала кетейік, бұған дейін Бас прокурордың орынбасары Әсет Чиндалиев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасарына қатысты тергеу амалдары қалай жүргізіліп жатқанын айтқан болатын.
«Самат Әбішке қатысты қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық іс тергелуде. Қаншалықты, қандай эпизодтар екенін айта алмаймын», – деп жауап берді Бас прокурордың орынбасары.
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!