HALYQLINE.KZ 22.02.2021 жылы Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/5 мекемесінде ұрлық қылмысымен, яғни Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігімен жазасын өтеп жатқан С. есімді азаматқа қысқа мерзімді кездесуге келген танысының сәлем-сауқатынан есірткі заты анықталды.
Мекеме қызметкерлері кездесуге келген азаматтың сәлем-сауқатын тексеру барысында «State Line» темекі қорабына нығыздалып салынған 27 дана «жасыл түсті, өткір иісті» затты анықтаған. Жедел түрде 102 нөміріне хабарланып, мекемеге Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жедел-тергеу тобы шақыртылды.
Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалып, қорытындысымен салмағы 20,22 граммды құрайтын «кептірілген марихуана» екені дәлелденді. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Түзеу мекемесі қызметкерлерінің қырағылығы мен жедел ұйымдасқан әрекетінің нәтижесінде мекеме аумағына есірткі затының кіріп кетуінің жол кесілді.
Қызылорда облысы бойынша
қылмыстық-атқару жүйесі департаменті
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!