Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Рухани иммунитет қалыптастыруға арналған тренинг

24.07.2020, 9:30 433

 HALYQLINE.KZ ЗК-169/1 мекемесінің Арнайы контигент арасында әлеуметтік психологиялық тәрбие жұмысы бойынша бөлімінің психологтары А.Мырзалы мен А.Орынбаев, С және Д есімді сотталғандармен «Өзіңді сүйе біл» деген тақырыпта тренинг өтті.

Тренингтің мақсаты – сотталғандарың өзіндік «Мен» дәрежесін анықтап, өзіндік пікірін, көзқарасын қуаттай білуге өзгертіп, оң бағытқа дағдыландыру. Бұл азаматтар жақында бостандыққа шығады. Бостандыққа шыққанда жеке қарым-қатынасты қалай құруға, өзін қорғауға, өзіне жақындастыруға үйренуді, өз қабілетіне сенімді болуды білмейді.

Міне, осындай жағдайға түспес үшін психологтар жаза мерзімі аяқталғалы тұрған екі сотталушыға ғылыми формаға негізделген тренинг әдістері арқылы рухани көмек көрсетті.

Тренинг бетпе-бет еркін форматта өтті. «Мен кіммін?» деген сұраққа «Мен – әкемін», «Мен – электрикпін», «Мен – қоғамға керек азаматпын» деп жауап берді.

Осылайша, өз-өзін жігерлендіріп, жаңа өмірге деген сенімділік қалыптастырды. Ең бастысы, бұл тренинг арқылы олар бойындағы тұрақсыз эмоциялық жағдайларды жойып және мазасыздықтан арылып, жайма-шуақ көңіл күйге енді. Дәрігерлер дене иммунитетін көтеруге сеп болса, біздің психолог мамандар қоғамнан оқшауланып қалған азаматтардың рухани иммунитеттерін осындай тренингтер өткізу арқылы қалыптастыруда.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: