Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ресей азаматшасы қос азаматтығы үшін айыппұл арқалады

20.02.2024, 16:00 198

HALYQLINE.KZ

Жыл басынан бері Қызылорда облысы бойынша ҚР көші-қон заңнамасын бұзған 78 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде сот шешімі бойынша 6 шетелдік елден тысқары шығарылды. Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қос азаматтығы бар 1 тұлға анықталып, оған қатысты тиісті шара қабылданды. Мәселен, Қызылорда қаласы көші-қон бөлімінің қызметкерлері тексеру барысында Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған құқық бұзушыны анықтады. Ресей Федерациясының 40 жастағы азаматшасына қатысты ҚР заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен бұл азаматша 516880 теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: