HALYQLINE.KZ Осы жылдың 11-18 қазан аралығында «Нелегал-Кордон» жалпыреспубликалық жедел алдын алу іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты – тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасына заңсыз келетін адамдарды анықтау, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу, сондай-ақ өзара іс-қимылды жандандыру, шетелдіктерді еңбекке заңсыз тарту фактілерін анықтау.
Заңсыз еңбек көші-қонының жолын кесу үшін рейдтік іс-шаралар өткізіліп, 390 заңбұзушылық анықталды.
Сонымен қатар 7 шетел азаматы сот қаулысымен кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының аумағынан әкімшілік жолмен аластатылды.
ҚР ҚК-нің 394-бабымен 1 Қазақстан Республикасының азаматшасына қатысты қылмыстық іс қозғалып, Басқарманың анықтау бөліміне жолданды. Тәртіп сақшылары шетел азаматтарының заңсыз еңбек жұмыс күші жұмыстары мен Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзған азаматтарды анықтау мақсатында жұмыстарын жалғастыруда.
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!