Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорданың түзеу мекемесінде 20 жылға сотталған азамат отбасын құрды

26.07.2024, 15:30 123


 Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің түзеу мекемелерінде 1000-ға жуық сотталған жазасын өтеп жатыр. Бас бостандығынан айырылғандар  арасында отбасын құрғандар да кездеседі. 2024 жылдың 6 айында 26 сотталған отбасын құрған. Жуырда тағы бір сотталған  үйленді. Ол қарақшылық және кісі өлтіру бабымен 20 жылға сотталған.  Қазіргі таңда 60мекемесінде жазасын өтеп жатыр.

– Бүгін – мен үшін қуанышты күн. Отбасылы болып жатырмын. Сотты болмай тұрып, қыз бен жігіт болып дос жүргенбіз. Болашаққа жоспарым көп. Бізге мекемеде түрлі  психологиялық тренингтер өткізеді. Осы тренингтерге қалмай қатысамын. Жұмысым да бар. Мекеменің өндіріс аймағындағы кірпіш цехында жұмыс істеймін. Жалақымды енді отбасыма жіберіп тұратын боламын, – деді сотталған азамат. 

– Түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілер некеге тұру үшін  мекеме заңгерлерінен кеңес алып, өтініштерін жазады. Одан соң АХАЖ мамандары жазған өтініштері негізінде, олардың некесін қиып, неке куәліктерін табыстайды. Бас бостандығынан айыру  орындарда неке қию сотталғандарға оң әсер етеді. Сотталған отбасылы болған соң, мерзімінен бұрын босатылып шығуы үшін тәртібін дұрыстап, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Сондай-ақ қоғамда өз орнын табуға  және түзеу мекемесінен шыққан соң отбасы алдындағы жауапкершілікті сезінеді. Өтініш берген жазасын өтеушілер арасында ұзақ жыл бірге тұрып, некеге тұрмағандар да кездесіп жатады, – дейді №60 мекемесінің заңгері Ардақ Измағанбетова.  

Дана Достанова,

Қызылорда облысы  бойынша ҚАЖ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: