Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалықтар халықаралық байқауда үздік көрінді

08.12.2025, 17:55 31

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 4 курс білім алушылары Алматы қаласында өткен ЖОО студенттері мен магистранттары арасындағы «КРИМЭКС – 2025», «Криминалистика және сот сараптамасының үздік білгірлері» атты жыл сайынғы 12-халықаралық байқауға қатысып, жоғары нәтиже көрсетті.

Байқау Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультеті, Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының ұйымдастыруымен өткізіліп, қатысушылардың кәсіби дайындық деңгейін, криминалистика саласындағы білімі мен практикалық дағдыларын бағалауға бағытталды.

Студенттер жоғары дайындықтарының арқасында қазылар алқасының оң бағасын алып, жүлделі II орынды иеленді. Команданың жоғары кәсіби шеберлігі мен белсенділігін қалың көрермен де ерекше бағалады. Онлайн дауыс беру нәтижесінде олар ең көп қолдауға ие болып, «Көрермен көзайымы» номинациясымен марапатталды. Команда жетекшісі «Құқықтану» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Алия Мүйденова.

Бұл жетістік – студенттердің білімге деген құштарлығының, табандылығының және жетекші оқытушының жүйелі еңбегінің нәтижесі. Сонымен қатар, білім алушылардың кәсіби бағдарын тереңдетуге, тәжірибелік дағдыларын дамытуға бағытталған оқу үдерісінің тиімділігін дәлелдейді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: