Көрнекі фото
HALYQLINE.KZ «Өрмек» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен 15 қаңтарда түнгі уақытта бір азаматтың өзімен бірге қағазға оралған есірткі затын алып жүргендігі анықталды.
Тексеру барысында ұсталған азаматтың 29 жастағы жұмыссыз аудан тұрғыны екендігі анықталды.
Сараптама қорытындысы бойынша есірткі заты «кептірілген марихуана» екендігі бекітілді.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекуссорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер мән-жайды анықтауда.
Қызылорда облысы Полиция
департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!