Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордалық прокурорлар екі айда 40 млн теңге алимент өндірді

18.03.2024, 15:30 270

HALYQLINE.KZ

Қызылорда облысының прокуратурасы биыл алимент өндіру бағытында бірқатар жұмыс атқарды. Прокуратура органдарымен Әділет департаментіне және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына 10заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді. Нәтижесімен биыл екі айда 43 жалғыз басты ананың пайдасына 40 млн теңге алименттен берешек өндірілді, 64 борышкер уақытылы алимент төлемегені үшін ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 21 жеке сот орындаушыға алиментті мәжбүрлеп өндіру кезінде өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілік көрілді.

Прокуратураның бастамасымен алимент төлеуден жалтарып жүрген 9 қаскөй борышкерге қатысты ҚК-тің 139-бабымен қылмыстық іс тіркелді, оның 4-еуі қылмыстық жауаптылыққа, қалғандары бойынша тергеу жүргізілуде.

Мысалы, борышкер Н.Н. өндіріп алушы Ж.А-ның пайдасына 2,9 млн теңге алименттен берешегін төлеу үшін жұмыссыз ретінде тіркелмей, өзінің жалдамалы жұмыстардан тапқан табысын жасырып, алимент төлеуден жалтарған. Осыған орай Қармақшы ауданының прокуратурасымен Н.Н.-ға қатысты ҚК-тің 139-бабымен қылмыстық іс тіркелді, соттың 06.03.2024 ж. үкімімен Н.Н. кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы прокуратураның бастамасымен уәкілетті органдардың қатысуында ведомствоаралық мәжіліс өткізіліп, онда әділет және полиция органдарының, жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшыларына жүйелі түрде рейдтік іс-шаралар жүргізу, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыру, алимент санатындағы атқарушылық өндірістерді ерекше бақылауға алу, қаскөй борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тарту жұмыстарын күшейту тапсырылды. Орындалу жағдайын облыс прокуратурасында тоқсан сайын қарау белгіленді. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Коллаж: aikyn.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: