Қызылорда облысында жыл басынан бері 200 мыңнан астам адамның құқығы қорғалды. Бұл – облыстық прокуратураның жұмысының нәтижесі, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.
Оның ішінде 13 мыңнан астам адамның конституциялық құқықтары қалпына келтірілді. Заңға қайшы әрекет еткен 2400-ге тарта адам тәртіптік және әкімшілік жауапқа тартылды.
– Қылмыстық қудалау органдарының азаматтардың конституциялық құқықтарына тікелей әсер ететін 112 шешімімен келісуден және оны бекітуден бас тарттық. Уақытша ұстау абақтысына оқшауландырылған 33 адам прокурор қаулысымен босатылды. Қылмыстық қудалау органдарының 345 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 84 қылмыстық іс ақтау негізінде тоқтатылды, – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.
Еске салсақ, Қызылорда облысында биыл 9 айда прокурорлардың ықпалымен 3 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды. Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!