HALYQLINE.KZ –| Жаңақорған аудандық полиция бөлiмiне ауыл тұрғыны келiп, 2020 жылдың 27 сәуір күні полиция қызметкерлері теміржолға шығып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған Жаңақорған кентінің тұрғынын құтқарып қалғанын көргенiн айтқан.
Куәгердiң айтуынша, полицейлердiң жедел әрекетiнiң арқасында азамат өлiмнен құтқарылады. Сонымен қатар, ол Жаңақорған ауданы полиция бөлімінің Жергілікті
полиция қызметінің патрульдік полиция тобының аға қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Жандарбеков Мейіржанға, учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Абдуллаев Алмасқа және учаскелік полиция инспекторының көмекшісі полиция аға лейтенанты Ержан Айтжановқа алғысын бiлдiрдi. Қaзiргi таңда оқиғаның себебі анықталуда.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!