HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен облыс көлемінде оқушы, студенттер арасында есірткіге қарсы үгіт бригадалар байқауы ұйымдастырылды.
Сайыстың негізгі мақсаты – жастар, балалар мен жасөспірімдердің бойында есірткі тарату мен тұтынуға қарсы тұруын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты бағалау.
Сайыстың бірінші кезеңі аймақтарда жергілікті білім бөлімдерімен өткізілді. Екінші кезеңге үздік болып танылған 20 команда қатысып, есірткі мәселесіне байланысты ой-пікірлерін, өздерінің үгіттеу шаралары мен миниатюралар театрындағы
қойылымдарында көрсете білді.
Сайыскерлер тақырыпқа байланысты түрлі мағлұматтарға сүйеніп, осы бағытта ізденіп, есірткі мәселесіне кеңінен тоқталды.
Сайыстық комиссияның шешіміне сәйкес екінші кезеңге қатысқан барлық үгіт бригадалар аймақтық жеңімпаздар болып танылды. Үздік болып танылғандар: Шиелі ауданы № 50, Қармақшы ауданы № 273, Арал ауданы №220 орта мектептер.
Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!