HALYQLINE.KZ Соңғы уақытта республика көлемінде ғаламтор желісін пайдалану арқылы болған қылмыстар өсім алуда. Солардың басым бөлігі – әлеуметтік желілерді арқандаған алаяқтық қылмыстары.
Аталған қылмыстардың алдын алу бағытындағы қабылданған шараларға қарамастан қылмыс құрбаны болған жәбірленушілер біздің де өңірімізде көптеп кездесуде.
Әлеуметтік желіде орын алған алаяқтық қылмыстарын ашу, сапалы тергеу мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаменті бастығының 29.03.2021 жылғы №195 санды бұйрығымен тұрақты тергеу тобы құрылып, аталған бағыттағы қылмыс құрбандарының жымқырылған қаржысының ізіне түсіп, іздеп, табу жұмыстары атқарылуда.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Қызылорда қаласының «Қ.Ж» есімді азаматшасы полицияға арызданған. Арызында 2019 жылдың қыркүйек айында «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы үй жиһазына тапсырыс беріп 250 000 (екі жүз елу мың) теңге ақшасын аударып жіберген. Осы уақытқа дейін жиһазын немесе ақшасын ала алмаған жәбірленушінің арызы қабылданып, жедел іздестіру мен сапалы тергеудің нәтижесінде қылмысқа күдікті болған Шымкент қаласының тұрғыны «А.Ә» есімді азаматша екені анықталып, жәбірленушіге келтірілген залал толық өндірілді.
Күдікті азаматшаны құрықтап, ақшасын қайтарып алған, қызылордалық азаматша полицейлердің қырағылығына және жылдамдылығына риза болып, алғысын білдірді.
Қызылорда облысы Полиция Департаментінің бастығы полиция полковнигі Сұлтан Бектөре тұрғындарды ескертеді: «Әлеуметтік желі арқылы сауда жасау барысында мұқият болуларыңызды және онлайн жүйесінде несиелер алу немесе банк қызметкерлері болып хабарласқан бейтаныстардан барынша сақ болыңыздар. Ғаламтор алаяқтықтарына Сіздер де кезігулеріңіз әбден мүмкін».
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!