Ауқымды есірткі алқабы Қызылорда облысы Сырдария ауданы Бесарық ауылының маңында болған,- деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі kazinform сайтына сілтеме жасап.
Оны полиция қызметкерлері мен Ұлттық Ұланның «Бүркіт» арнайы жасағы «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, тексеру кезінде салмағы 58 килограммға жуық 1156 түп есірткі тәркіленді. Бұдан бөлек, тәртіп сақшылары оқиға орнында жалпы салмағы 1 килограмм 610 грамм кептірілген марихуана тапты. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 42 және 33 жастағы облыс тұрғындары ұсталып, қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеті жүріп жатыр.
Еске салсақ, Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес департаменттің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңсыз есірткі өсіру деректерін анықтауға жұмылдырылды.
— «Қарасора-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталған маусым айынан бері 172 құқық бұзу дерегі анықталды. 959 килограмм есірткі тәркіленіп, 5 фитозертхана анықталды. Есірткі өсірумен айналысқан 36 адам ұсталды, — делінген хабарламада.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!